Денсаулық саласындағы 30 ақпараттық жүйе 2 платформаға біріктіріледі

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Жасанды интеллект дәрігерлердің орнын баса ала ма?
Денсаулық саласындағы 30-ға жуық ақпараттық жүйе 2 платформаға біріктіріледі / Фото: kursiv.media архив

2025 жылдың 20 желтоқсанына дейін денсаулық сақтау саласындағы 7 ақпараттық жүйе 2 платформаға біріктіріледі. Осылайша саладағы 30-ға жуық ақапраттық жүйе ортақ платформаға интеграцияланады. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен Цифрлық штабтың отырысында айтылған.

«Мемлекет басшысы цифрлық қалыпқа көшу арқылы экономиканың барлық салаларын жаңғырту міндетін қойды. Сондықтан ЖИ енгізу нақты нәтижеге бағытталуы тиіс», – деген Бектенов.

Премьер-министр бұл тапсырманы орындау үшін нақты тапсырмалар берген. Олар келесідей:

  • 2025 жылдың 15 қарашасына дейін денсаулық сақтау саласының басым бағыттары бойынша НҚА-ға тиісті өзгерістер енгізу. Бұл орайда отандық стартаптарды пайдалану.
  • 20 желтоқсанға дейін денсаулық сақтау саласындағы 7 әртүрлі ақпараттық жүйені Qaztech базасындағы 2 платформаға интеграциялау;
  • Желтоқсан айынан бастап электр және жылу желілерін диагностикалауда жасанды интеллекті технологияларын пайдалану;
  • жыл соңына дейін, яғни 20 желтоқсанға дейін отын-энергетикалық кешеннің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін Салалық ақпараттық қауіпсіздік орталығын құру;

ЖИ және жүйелерді ортақ платформаға интеграциялау

Салаға жасанды интеллекті технологияларын енгізу мынадай мүмкіндіктерге жол ашады:

  • Денсаулық сақтау саласында нормативтік құқықтық актілерге (НҚА) өзгеріс енгізу арқылы салада ЖИ дамып, нәтижесінде медициналық мекемелерге отандық инновациялық жобалар енгізуге мүмкіндік туады;
  • дәрігерлерге арналған ЖИ-ассистент, онкологиялық және тағы да басқа ауруларды ерте анықтау бойынша функционал іске қосылады;
  • салада жұмыс істеп тұрған барлық 30 шақты бірін бірі қайталайтын жүйе біріздендіріледі;
  • ортақ платформаға біріктіру медициналық персоналдың жұмысын жеңілдетіп, жүктемесін азайтады.

Еске сала кетсек, президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында тез арада Цифрлық кодексті қабылдап, Қазақстанды үш жыл ішінде цифрлы мемлекетке айналдыруды тапсырған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз