«Қайрат» футбол клубының түлегі испаниялық «Вильярреал» академиясына ауысты

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
«Қайрат» түлегі «Вильярреал» академиясына ауысты / фото: instagram: khassanov_salim

«Қайрат» футбол клубының түлегі Салим Хасанов енді мансабын Испанияның әйгілі «Вильярреал» академиясында жалғастырады.

Бұған дейін жас ойыншы «Леванте» сапында өнер көрсетіп, өзін үздік қырынан танытқан. 2023 жылы ол 2010 жылы туған ойыншылар арасындағы лигада топ жарып, үздік сұрмерген атанды.

Салимге Испанияның тағы бір алпауыт клубы – «Валенсия» да қызығушылық білдірген. Дегенмен «Вильярреал» табандылық танытып, талантты футболшыны өз академиясына шақырды.

Әкесінің айтуынша, егер Салим бапкерлердің сенімін ақтаса, оны жас ерекшелігі жоғары командаға ауыстыру жоспарда бар.

Сондай-ақ оқыңыз