Цифрлық кодекс пен жасанды интеллект туралы заң жыл соңына дейін қабылданады

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
AI ministry
Банктер және банктік қызмет туралы заң жобасы да жұмысқа алынады / Фото: kursiv.media архиві

Ерлан Қошанов Президенттің жолдауда айтқан маңызды тапсырмалары қашан орындалатынын айтты.

Мәжіліс спикері  жыл соңына дейін Цифрлық кодекс пен Жасанды интеллект туралы заңдарды жыл соңына дейін қабылдау керектігін атап өтті.  

«Президент стратегиялық мақсат қойып отыр.  Ол – Қазақстанды үш жыл ішінде цифрлық мемлекетке айналдыру. Осы орайда саланы реттеу үшін нақты заңнамалық тетіктер қажет. Бұл ретте, Цифрлық кодекс пен Жасанды интеллект туралы заң ерекше рөл атқаруға тиіс. Қазір олар бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Аталған заңдарды жыл соңына дейін қабылдауымыз керек»,деді Қошанов Мәжілістің жалпы отырысында.

Банктер туралы заңнама жаңарады

Бұдан бөлек Қошанов мемлекет басшысының банктер туралы заңнаманы жаңарту міндетін қойғанын еске салды. Бұл ретте банктер және банктік қызмет туралы заң жобасы да жұмысқа алынатын болады.

Конституция өзгеруі мүмкін

«Қолданыстағы заңға отыз жыл толды. Сондықтан ол жаңартуды қажет етіп отыр. Жаңа заң қаржы секторын икемді әрі инновацияларға ашық ете түсуі керек. Жұмыс тобы барлық мүдделі тараптардың пікірін тыңдап, жан-жақты талқылағаны жөн. Жалпы, бұл заңды да жыл соңына дейін қабылдауға тиіспіз» ,- деп мәлімдеді Мәжіліс төрағасы.

Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин Президент жолдауында неге цифрландыру мен ЖИ мәселесі жиі көтерілгенін түсіндіріп берген болатын.

Сондай-ақ оқыңыз