Полиция жүк көліктерін негізсіз тоқтатуды тыйып, бизнесті тексеруді азайтады

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Полиция енді жүк көліктерін негізсіз тоқтатуды тойып, бизнесті тексеруді азайтады
Полиция енді жүк көліктерін негізсіз тоқтатуды тойып, бизнесті тексеруді азайтады / фото: polisia.kz

Ішкі істер министрлігі президент жолдауында белгіленген міндеттерді орындау бойынша жедел кеңес өткізіп, ондағы бастамаларды іске асыруға кіріскенін хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, зорлық-зомбылық пен қоғамға жат мінез-құлықтың алдын алу үшін құқық бұзушылықтар жиі тіркелетін ойын-сауық орындарының қызметіне бақылау күшейтіледі. Ол мақсатта әкімдіктермен бірлесіп, мұндай орындарға мониторинг жүргізіледі.

Одан бөлек:

  • Мал ұрлығының алдын алу үшін ауылдық жерлерде рейдтер жүргізіледі. Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп малды чиптеу мәселесін жеделдетіледі;
  • Транзиттік көліктерді негізсіз тоқтату тыйылып, теміржол жолдарындағы контейнерлік тасымалдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап етіледі;
  • Самокаттар белсенді қолданылатын жерлерде патрульдеу күшейтіледі;
  • Киберқылмыспен күрес аясында дропперлік үшін жауапкершілік күшейтіліп, SIM-карталардың айналымы бақыланады;
  • Бизнесті заңсыз тексеру шектеледі;
  • Туристік полиция қызметі дамытылады.

Министр Ержан Саденов барлық қызметтер мен аумақтық бөліністердің басшыларына жүктелген міндеттерді дереу орындауға кірісуді тапсырды.

Бұған дейін, Тоқаевтың сынынан кейін Алматыда самокаттарға бақылау күшейтілген.

Сондай-ақ оқыңыз