Гүлзира Айдарбекова сусабын даулағандарға ашу шақыра сөйледі

Гүлзира Айдарбекова сусабын даулағандарға ашу шақыра бастады. Бұған оқырмандарының алу жолын түсінбей жатқаны түрткі болған.
«Кейбір оқырмандарым тікелей эфирде саусақпен неше рет көрсетіп, мына телеграмға чек жіберіңіздер деп түсіндірсем де, неше рет сториске салып түсіндірсем де, түсінгісі келмей ме? Білмеймін. Ең болмаса, түк түсінбей жатсаңыздар, менің дайрегіме түбіртек пен телефон нөміріңізді жазып жіберіңізші. Біз де уайымсыз отырайық. Жұмысымды тамамдап…» – деп ұрсып жазба қалдырды Қайрат Нұртастың анасы.
Гүлзира Айдарбекованың пікірінше, әлеуметтік желіде ақшасына сусабын сатып алып, әлі ала алмай, дау тудырып жүргендердің ішінде жалған парақшалар бар.
«Фейк парақшамен әдейілеп, постымның астына «сусабынын қайда?» деп, елді кері пікірге бұру мақсатында, даурықтыру үшін отырғандар да жоқ емес. Ниетімізді дұрыстайық. Өзіңізге сынақ болып қайтпасын!» – деді Қайрат Нұртастың анасы.
Сонымен қатар, Гүлзира Айдарбекова өнімін алып, алғыс білдіріп жатқандар көп екенін алға тартты.
«Мен көрінбеске айналып кететін жан емеспін. Түгел бәріңіз аласыз», – деді ол.
Ол аз ғана оқырман сусабынды әлі алмағанын айтты. «Біз де жұмысшыларды қайтаруымыз керек. Күн санап күтіп отыра бермейді», – деп жазды Қайраттың анасы.
Гүлзира Айдарбекова сусабын саудасына қомақты ұтыс тігіп, 10 миллион теңге және Lexus автокөлігін атаған еді.