Талғардағы ұрлау мен кісі өлімі: адвокат жәбірленушіні қаралап жатқанын хабарлады

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Талғардағы ұрлау мен кісі өлімі: адвокат жәбірленушіні қаралап жатқанын хабарлады
Талғардағы ұрлау мен кісі өлімі: адвокат жәбірленушіні қаралап жатқанын хабарлады / фото: shutterstock

Талғарда әйел адамның ағасын өлтіріп, қызын ұрлаған күдіктінің туыстары келіншектің өзі айыптап жатыр. Бұл туралы оның қорғаушысы Гауһар Сарыева хабарлады.

Оның айтуынша, күдіктінің туыстары келіншектің өзін онымен танысқаны үшін «кінәлі» етіп көрсетуге тырысып жатыр.

«Ешқандай әрекет, ешқандай сөз, ешқандай жағдай өлтіруге, ұрлауға, қорлауға құқық бермейді. Кінәні жәбірленушіге арту – қылмыскерді ақтау деген сөз. Бұл екінші рет жасалатын зорлық, одан тек жәбірленуші ғана емес, бүкіл қоғам зардап шегеді», деп жазды адвокат.

Құқыққорғаушы адам өлімі мен 2 жасар қыздың ұрлануы таныстықтан емес, қылмыскерді дер кезінде тоқтатпағандықтан болғанын атап өткен.

Бұған дейін, желіде күдіктінің анасының видеосы тараған. Ол ұлының қылмысы үшін кешірім сұрап, ұлы жасаған ісін мойнымен арқалайтынын айтқан. Алайда көпшіліктен оқиғаның мән-жайын білмейтіндіктен, беттен алып, төске шаппауды сұрайды. Ол жәбірленуші үйіне келіп, орамал тағып жүрген адам болғанын, ұлын қару алып, оқу атуға не итермелегенін сол білетінін айтады.

Талғардағы ұрлау мен кісі өлімі

Талғар маңындағы Қызылқайрат ауылында әйел адам өзін танысы қорқытып, зорлағанына шағымданған. Полиция күдіктіні ұстап, ұзамай жібере салады. Күдікті өзінің үстінен арызданғанына ашуланып, қару ұрлап, бірнеше адам болып әйелді іздеп барады. Күдікті келіншекті таппай, жолай кездескен ағасын өлтіріп, әйелдің 2 жасар қызын ұрлап кеткен. Жолда көлік апатына түсіп, сол жерде ұсталған. Қыз анасына табысталады.

7 қыркүйек күні Талғарда полиция қызметкерлерінің әрекетсіздігіне қатысты іс қозғалғаны хабарланды.

Сондай-ақ оқыңыз