Ташкентте ФИФА-ның Орталық Азиядағы кеңсесі ашылады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Ташкентте ФИФA-ның Орталық Азиядағы кеңсесі ашылады / фото: ашық дереккөз

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев пен ФИФА басшысы Джанни Инфантино арасындағы кездесуде маңызды келісімге қол жеткізілді. Тараптар ФИФA-ның Орталық Азияға арналған аймақтық кеңсесін Ташкент қаласында ашу жөнінде уағдаласты.

Инфантино Өзбекстан ұлттық құрамасының алдағы жылы өтетін футбол бойынша әлем чемпионатына жолдама алуымен құттықтады.

Өзбекстан Президент әкімшілігінің мәліметінше, әңгіме барысында футболды ұйымдастыру және басқару жүйесін жаңа деңгейге көтеру бағытындағы серіктестік жайы талқыланды. Сондай-ақ Өзбекстан мен ФИФА арасындағы тиімді әріптестікті кеңейту мәселелері қарастырылды.

Кездесу барысында тараптар футболды, әсіресе жастар арасында дамытуға ерекше көңіл бөлді. Осы орайда ФИФА республикада жаңа футбол орталығының ашылуын қолдады.

Сондай-ақ оқыңыз