Туған қызын аюға жегізбек болған әйел ақыры бүлдіршінді бауыздап өлтірді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Туған қызын өлтірген әйел қамауға алынды / фото: pixabay
Туған қызын өлтірген әйел қамауға алынды / фото: pixabay

Туған қызын аюға жегізгісі келген әйел ақыры оны бауыздап өлтірді. Ташкентте 34 жастағы әйел жеті жастағы қызына пышақ жұмсаған.

Gazeta ақпаратына қарағанда, осы әйел 2022 жылдың қаңтарында үш жасар қызын Ташкент хайуанаттар бағындағы аюдың торына тастаған еді. Ол кезде қыз бала аман қалған. Бұл жайт өзбек қоғамын тіксіндірген еді.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, күдікті Зилола Туляганова жазда психоневрологиялық ауруханада емделген. Кейін амбулаториялық бақылауға алынған. Махалле өкілдері оның жағдайы жақсы, өзін қалыпты ұстайтынын айтқан. Әйелдің бір ұлы да бар.

Қызын өлтіргеннен кейін ол қамауға алынып, Өзбекстан Қылмыстық кодексінің 97-бабы («Адам өлтіру») бойынша іс қозғалды.

Мұның алдында жасөспірім телефонмен ойнауға тыйым салған әкесін пышақтаған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз