Су дипломатиясы: Қазақстан Венгриямен бірлесіп магистратура бағдарламасын бастады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Қазақстан мен Венгрия бірлесіп жұмыс істеп жатыр/фото: shutterstock

Қазақстан мен Венгрия су дипломатиясына басымдық берілген қос дипломды магистратура бағдарламасын іске қосты. Бұл туралы су ресурстары және ирригация министрлігі хабарлады.

Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті венгриялық Корвинус университетімен бірлесе жұмыс істеп жатыр.

«Бұдан бөлек, биыл тамызда Еуропалық комиссия Erasmus Mundus Design Measure бағдарламасы аясында 60 000 еуро көлемінде грант бөлді. Бұл грант су ресурстары мен су дипломатиясы бойынша интеграцияланған бірлескен магистратура бағдарламасын әзірлеу үшін Еуропаның үш және Орталық Азияның төрт университетінен құралған консорциумға, оның ішінде ҚазҰСШИУ-ге берілді», – деп хабарлады министрлік.

15 ай ішінде консорциум сарапшылары толық әзірленген бағдарламаны Еуропалық комиссияның қарауына ұсынуға тиіс. Егер бағдарлама мақұлданса, жалпы бюджеті 5 млн еуроны құрайтын, ал ұзақтығы алты жылға созылатын магистратура бағдарламасын бірлесіп жүзеге асыру басталады.

Сондай-ақ сарапшылардың алғашқы отырысында су ресурстарын басқару және су дипломатиясы жөніндегі Бірлескен орталық құру ұсынылады. Бұл орталықтың бас кеңсесі Тараз қаласындағы ҚазҰСШИУ-де орналасады.

Айта кетейік, қазір су саласындағы мамандықтар бойынша шамамен 2 500 студент білім алып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз