Astana Hub Инновациялық технологиялар паркімен бірігеді: Сенат заңды мақұлдады

Astana Hub Инновациялық технологиялар паркімен біріктіріледі. Сенат депатуттары арнайы заңды мақұлдады.
Депутат Әлібек Нәутиевтің айтуынша, қолданыстағы механизм жер қойнауын пайдаланушылардың Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарын жыл сайынғы қаржыландыру жөніндегі міндеттемені орындау аясында қаражат пайдаланудың ашықтығы мен тиімділігін, түпкілікті нәтижесін бақылауға мүмкіндік бермеген.
«Осыған байланысты жер қойнауын пайдаланушы Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстары бойынша міндеттемені орындау шеңберінде жіберген қаражатты Қордың мүлкінен алып тастау бойынша тиісті түзетулер енгізіледі», – деді депутат.
Сонымен бірге Astana Hub-тың аталмыш паркпен біріктірілуі нәтижесінде инновациялық қызметті ынталандыру бойынша бірлескен жұмыс күшейе түспек. Атап айтқанда хабқа жүктелетін міндеттемелер артады.
Олар мынадай:
- Astana Hub 2030 жылға қарай 10 мың жасанды интеллект-мамандарын оқытуы керек;
- 1 млрд АҚШ долларына бағаланатын 5 бір мақсаттағы стартап құруы тиіс;
- 5 млрд АҚШ долларына жыл сайынғы IT қызметтері мен өнімдерін экспорттауға қол жеткізуі қажет.
«Хабқа осындай стратегиялық мақсаттары қойылып отыр. Жалпы, хаб қызметі инновацияларды жан-жақты қолдауға бағытталған», – деді депутат.
Еске сала кетсек, Самарқандта өткен «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» саммитінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа елдеріне Astana Hub базасында инновациялық кампус құруды ұсынған болатын. Бұл қадам Еуро Одақ пен Орталық Азия елдерінің арасында цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты арттыруға жол ашатыны айтылған еді.