Жаңадан құрылатын жасанды интеллект министрлігін кім басқарады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Екі министрлікті бір адам басқарады/фото: shutterstock

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен жаңадан құрылатын жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін бір адам басқарады. Бұл туралы Kazinform жариялаған видеода цифрлық даму вице-министрі Қаныш Тлеушин айтқан.

«Бізде бір цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бар. Осы министрліктің базасында жаңасы құрылады, сол себепті екі министр болмайды, бір министр басқарады. Ал оның кім болатынын мен білмеймін», – деп жауап берген Тлеушин.

Айта кетейік, бұған дейін президент Қазақстан халқына жолдауында жаңа министрлік құрылатынын мәлімдеді.

«Қазақстан үш жыл ішінде міндетті түрде жаппай цифрлық ел болуы керек. Алдымен цирфлық кодексті қабылдауды тездетуіміз керек. Сондықтан қазіргі құзырлы министрліктің негізінде жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру қажет деп санаймын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ оқыңыз