Ардақ Назаров бастаған спортшылар сотталған балалармен кездесті

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Ардақ Назаров бастаған спортшылар сотталған балалармен кездесті
Ардақ Назаров бастаған спортшылар сотталған балалармен кездесті / фото: Видео кадры

Бас прокуратура Алматы қаласы прокуратурасының бастамасымен белгілі спортшылар мен ҚАЖД №11 мекемесінде жазасын өтеп жатқан балалар арасында кездесу ұйымдастырылғанын хабарлады.

Іс-шараға Мәжіліс депутаты, панкратион бойынша әлем және Азия чемпионы Ардақ Назаров, ММА бойынша екі дүркін әлем чемпионы Қазыбек Әшімов, ММА бойынша әлем чемпионы Аңсар Дәулетбай, сондай-ақ ММА бойынша жаттықтырушы Батырбек Абылай қатысқан.

Қонақтар тәрбиеленушілерге өмірінде өткен түрлі жайттар туралы айтып, ерік-жігер, тәртіп және қабылдаған дұрыс шешімнің маңызына тоқталған. Жетістікке қалай қол жеткізгені туралы әңгімелеген.

«Кездесудің басты мақсаты – кәмелетке толмаған сотталғандарды ынталандыру және түзелуге жігерлендіру. Белгілі тұлғалармен қарым-қатынас жасау, балалар үшін құнды тәжірибе мен шабыт көзі болып, әркімнің өз өмірін өзгертіп, дұрыс жолға түсуге мүмкіндігі бар екенін көрсетті», – делінген хабарламада.

Алматы қаласының прокуратурасы жастарды өміріне жауапкершілікпен қарауға, заңды құрметтеуге және өзін-өзі жетілдіруге ұмтылуға шақырады.

Бұған дейін, Ардақ Назаров мәжілістің ресми отырысында анасын туған күнімен құттықтағанын жазғанбыз.

Сондай-ақ оқыңыз