Қайрат Нұртас 11 жастағы ұлына су жаңа көлік әперді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Қайрат Нұртас көлік сыйласа, Нұртас Айдарбек байғазы берді / фото: KursivMedia мұрағаты
Қайрат Нұртас 11 жастағы баласына көлік сыйласа, Нұртас Айдарбек байғазы берді / фото: KursivMedia мұрағаты

Қайрат Нұртас 11 жастағы ұлы Ханға су жаңа көлік әперді. Көлікті баласына сыйға тартқан сәті бейнеленген видео әлеуметтік желіде тарады.

Көлік – Hyundai Santa Fe кроссовері.

«Мәшинең құтты болсын, балам», – деп, Қайрат Нұртас жаңа көлігімен құттықтап, құшақтап, бетінен сүйді.

«Қазір мен балама ақша беремін» деп атасы Нұртас Айдарбеков немересіне байғазы ретінде бір бума ақша ұстатты. Көлігіне құтты болсын айтты.

Бір қызығы, Қайрат Нұртастың 11 жастағы ұлы көлігін қалай жүргізетіні белгісіз. Өйткені, елімізде жүргізуші куәлігін 18 жастан асқан азаматтар ғана ала алады.

Айта кететін жайт, Хан көліктің руліне отырмады. Отыруға талпынған да жоқ.

Бұл видео жұртты қатты таңырқатып отыр. «Жас балаға көлік сыйлағанмен, оны қайтпек?» – деген сауал туды.

Мұның алдында Сырым Исабаев Қайрат Нұртаспен не үшін ұрысып қалғанын айтты.

Сондай-ақ оқыңыз