Ерлер әйелдерге қарағанда косметикаға көбірек ақша жұмсайды

Косметика дүкенінде әйелдерге қарағанда ерлер көбірек ақша жұмсайды. Косметика сататын дүкендер желісі «Золотое Яблоко» тұтынушыларын зерттеп, осындай қорытындыға келді.
Ретейлдің дерегінше, әйелдер орта есеппен косметикаға 17 124 теңге жұмсайды. Көбінде олар бетке күтім жасауға арналған тауарлар сатып алады. Осы жылдың алғашқы сегіз айында дүкендегі сауда көлемі 43%-ға артқан. Оның ішінде күтім косметикасының саудасы 40% , ал декоративті косметика сатылымы 30% өскен.
Ер адамдар орта есеппен 20 829 теңге жұмсайды. Көбінде олар ақшасын премиум парфюм сатып алуға жұмсайды. Жыл басынан бері сауда 29% өскен.
Танымалдылығы жағынан екінші орында – қырынуға арналған, қырынудан кейін күтім жасайтын тауарлар, душқа арналған гель тұр. Одан кейін ерлер арасында шаш сәндеуге арнаған спреилер мен стайлинг пасталар да жақсы өтеді. Жалпы алғанда жыл басынан бері ерлерге арналған тауарлар саудасы 30% өскен.
Ал балалар косметикасына ата-аналар орта есеппен 3 777 теңге жұмсайды. Негізінен тіс пастасын, шампунь, жуынуға арналған көпіршіктер, күтім жасайтын кремдер мен аксессуарлар алады. Балалар тауарының саудасы 40% артты.
Әйелдер арасында танымал косметиканың бірі – тырнаққа арналған гель лак. Бірақ оның кейбірі әйелдің бала көтеруіне кері әсерін тигізеді деген болжам бар. Толығырақ мына жерден оқуға болады.