Алматы облысында оқушылар мінген автобус апатқа ұшырады

Алматы облысында оқушылар мінген көлік апатқа ұшырады. Жергілікті полицияның хабарлауынша, «Сокол» саяжайының аумағында Hyundai Accent автокөлігі мен жолаушылар автобусы апатқа ұшыраған.
«Жол апаты салдарынан жеңіл автокөлік жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, ал оның жолаушысы медициналық мекемеде қайтыс болды. Басқа зардап шеккендер жоқ», – деп хабарлады полиция.
Бұл жағдайға қатысты полиция қылмыстық іс қозғады.
Алдын ала ақпаратқа сәйкес, Hyundai Accent жүргізушісі бұрылыс жасау кезінде автобусқа жол бермей соқтығысқан. Оқиға орнынан видеоны мына жерден көруге болады.
Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Істі тергеу барысы Алматы облысы полиция департаменті басшылығының бақылауына алынды.