12 қыркүйектен бастап бірқатар облыс аумағынан әскери техника жүріп өтеді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Кей ауданнан әскери техника жүріп өтеді/фото: shutterstock

Елімізде Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің жауынгерлік даярлығы өтеді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Дайындық Маңғыстау облысында басталады. Ол жерде «Батыс» және «Шығыс» өңірлік қолбасшылықтары әскерлерінің қатысуымен «Айбалта-2025» екіжақты жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді.

«Дайындық барысында 12 қыркүйектен бастап бірқатар облыс аумағынан күш-құралдардың қозғалысы қарастырылған. Бөлімшелер (жеке құрам және әскери техника) аралас тәсілмен – темір жол және автокөлікпен жүріп өтеді, содан кейін тұрақты орналасқан пункттеріне қайтады», – делінген ақпаратта.

Сол уақытта жекелеген аудандарда уақытша шектеулер болуы мүмкін. Министрлік азаматтарды сабыр сақтап, тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды.

Сондай-ақ оқыңыз