Камчыбек Көлбаев қылмыстық тобының мүшесі ұсталды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Қылмыстық топ мүшесі ұсталды/фото: polisia.kz

Камчыбек Көлбаевтің ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшесі ұсталды. Бұл туралы ішкі істер министрлігі хабарлады.

Криминалдық полиция департаменті іздеуде жүрген Қырғызстан азаматын Алматыда ұстаған.

Ол 17 жыл бұрын Бішкек қаласында адам өлтірді деген күдікке ілінген. Қырғыз Республикасы ішкі істер министрлігінің мәліметінше, күдікті Камчыбек Көлбаевтің ұйымдасқан қылмыстық тобына мүше.

Айта кетейік, қыркүйектеіз деуде жүрген 81 адам ұсталып, 58 хабар-ошарсыз кеткен адамның орналасқан жері анықталды. Бұдан басқа, ТМД елдері мен алыс шет елдер үшін 28 қылмыскер ұсталды.

Астана қаласында Молдова Ішкі істер министрлігімен, 12 жылдан бері іздеуде жүрген Ресей азаматы ұсталды. Ол сол елдің азаматынан жүз елу мың АҚШ долларын бопсалап алған.

Сондай-ақ оқыңыз