Жамбыл облысында оқушы қаза тапты
Жарияланды

Жамбыл облысы Шу ауданы Көкқайнар ауылында 10-сынып пен 11-сынып оқушылары арасында болған жанжал салдарынан бір оқушы қаза тапты.
Оқиға 12 қыркүйекте болған.
Футболдан кейін жоғары сынып оқушыларының бірі 10-сынып оқушысын ұрып-соққан. Алған жарақатынан ол дәрігерлер келгенге дейін көз жұмды.
Полиция 16 және 17 жастағы екі күдіктіні ұстады. Олар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.
Мектепте Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің қатысуымен арнайы комиссия құрылды.
Айта кетейік, Алматыда жекеменшік мектептің 11-сынып оқушысы суицид жасады.