Назым Қызайбай әлем чемпионатының финалына шықты

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Назым Кызайбай
Назым Қызайбай финалға шықты/фото: olympic.kz

Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының финалына жолдама алды. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Спортшы әлем біріншілігінің 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль үшін сынға түседі.

Жартылай финалда Қызайбай төрешілердің бөлек шешімімен Өзбекстан өкілі Сабина Бобокулованы жеңді.

Назым Қызайбай – 2024 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, әлемнің үш дүркін чемпионы (2014, 2016, 2025).

Бұған дейін ерлер арасында Айбек Оралбай (90+ кг), әйелдер арасында Аида Абикеева (65 кг) финалға шықты.

Сондай-ақ оқыңыз