Польша еліне НАТО әскерін кіргізбекші

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Поляк әскері / Фото: nato.int

Польша аумағында НАТО әскерлерінің орналасуына келісім берді. Тиісті жарлыққа президент Кароль Навроцкий қол қойды.

«Польша Республикасы президенті Кароль Навроцкий Солтүстік Атлантика шарты ұйымына мүше мемлекеттердің шетелдік әскер компоненттерінің Польша Республикасының аумағында орналасуына келісім беру туралы жарлыққа қол қойды. Бұл қадам Польша Республикасын қолдау мақсатында «Шығыс қарауыл» операциясы аясында жасалды», – деп хабарлады Польшаның ұлттық қауіпсіздік бюросы.

Бұл жағдай ресейлік дрондардың Польша әуе кеңістігін бұзып кіргеннен кейін болып отыр. 10 қыркүйекке қараған түні Ресейдің Украинаға шабуылы кезінде бірнеше дрон Польшаның әуе кеңістігіне кірген. Варшава билік шекараға жақын маңдағы төрт әуежайын жапты.

Ал 12 қыркүйекте «Батыс-2025» әскери жаттығулары басталған шақта Беларусьпен шекарасын жапты.

Сондай-ақ оқыңыз