Үсік, тұман, жел: 16-18 қыркүйекте елдің басым бөлігінде қатты жаңбыр жауады

Алдағы бірнеше күнде елдің басым бөлігінде күн суытып, қатты жаңбыр жауады. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады.
«Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райын оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальді бөліктер айқындайды – найзағай ойнап, жаңбыр жауады, 16-18 қыркүйекте республиканың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр күтіледі», – делінген ауа райы болжамында.
Тек елдің батыс өңірлерінде жауын жаумайды. Десе де бүкіл республика аумағында жел күшейіп, елдің солтүстігі мен солтүстік батыс аймағында тұман күтіледі.
Ауа температурасы қандай болады?
Жауын-шашын күтілмейтін батыс өңірлерде күні жылы болады. Түнде 5-16°, күндіз 18-28° жылы болады. Ал солтүстік-батыста түндегі ауа температурасы 1-10° төңірегінде болады. Өңірдің солтүстік бөлігінде түнгі уақытта ауа температурасы 1°-қа дейін түсіп, топырақ бетінде үсік жүруі мүмкін. Ал күндіз 15-23° жылы.
Елдің солтүстік елдімекендерінде түнде 2-10° жылы болады. Бұл өңірдің батыс пен солтүстік аймақтарында ауа температурасы 1°-қа дейін түсіп, үсік жүруі мүмкін. Ал күндіз 15-23° жылы болады.
Қазақстанның орталығында да дәл осындай ауа райы күтіледі. Мұнда түнде 2-11° аралығында жылы болса, күндіз 10-20° жылы болады.
Шығыста солтүстік аймақтарға қарағанда ауа температурасы жоғарылау болады. Өңірде түнгі уақытта 1-6° аралығында жылы болады деп күтілсе, өңірдің солтүстік бөлігінде түнде ауа температурасы 1°-қа дейін түсіп, үсік жүреді деп болжанады. Ал күндіз 15-20° төңірегінде жылы болады.
Елдің оңтүстігінде түнде 8-18° жылы болса, күндіз 15-25° жылы болады деп болжанып отыр. Ал оңтүстік-шығыста түнде 10-18° жылы, күндіз 15-25° жылы болады.