Шерхан Қалмұрза әйгілі футболшы Самат Смақовтың күйеу баласы ма

«Қайрат» футбол клубының жас қақпашысы Шерхан Қалмұрза жақында кәсіби футболдағы алғашқы қадамын жасап, ел чемпионатында дебютін өткізді. Бұл сәтті жанкүйерлер де, оған жақын адамдар да ерекше атап өтті.
Шерханның дебют ойыны кезінде трибунадан ерекше қолдау білдірген жанның бірі – Самира Смақова. Instagram парақшасында:
«Дебютін құтты болсын, менің Шерам!» деп жазып, суретін жариялады.
Самира – қазақ футболының аңызы, қазіргі таңда «Жетісу» футбол клубының бас бапкері Самат Смақовтың қызы.
Әлеуметтік желідегі ортақ суреттер мен жылы лебіздер жас футболшының жеке өміріне деген қызығушылықты арттыра түсті. Көпшілік:
«Шерхан әйгілі Самат Смақовтың болашақ күйеу баласы ма?» деген сауалды талқылап жатыр.
Самат Смақов – Қазақстан Ұлттық құрамасы сапында ең көп ойын өткізген футболшы (76 матч) және ел футболының тарихында ерекше із қалдырған тұлға. Ал оның қызы Самираның таңдауы дәл футболшы жігітке түсуі жанкүйерлер үшін таңсық жайт емес сияқты.
Еске сала кетейік, 14 қыркүйек күні Алматыд «Қайрат» пен «Ақтөбе» арасында ойында Темірлан Анарбеков жарақат алып, оның орнына алаңға 18 жастағы Шерхан Қалмұрза шықты.