Қауіпті жүргізушілерді енді ЖИ анықтайды

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
В Астане водитель во время припадка сбил двух пешеходов
Қауіпті жүргізушілерді ЖИ анықтайды / коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Аружан Махсотова

Жол ережесін бұзып, жолда қауіпті жүретін жүргізушілерді енді ЖИ анықтап отырады. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха айтты.

«Апаттық жағдайға бірнеше фактор әсер етеді. Біріншіден, транспорттық тәртіптің төмендігі. Жол апаттарының 90% жүргізушілердің қателігінен болады», – деді Лепеха.

ІІМ жолдағы апатты азайту үшін шаралар қабылдаған. Атап айтар болсақ:

  • автоматты камералар желісі кеңейтіліп, саны 25 мыңға дейін артқан;
  • патрульдік көліктерге радарлар орнатып, «жасырын» патрульдеу әдісі қолданыла бастаған;
  • республикалық маңызы бар жолдарда орташа жылдамдықты бақылау енгізілген.

Осының нәтижесінде жазатайым оқиғалардан қаза тапқандар саны 11%-ға төмендеген. Министрлік жолда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бұдан басқа да шаралар қабылдамақ. ІІМ қауіпті жүргізушілерді анықтауды енді ЖИ-ге тапсырады.

«Қауіпті жүргізушілерді апат ошақтарын анықтау үшін жасанды интеллект енгізіледі. Автоматты камералар желісі кеңейтіледі, жасырын патрульдер мен дрондарды жиі қолдана бастаймыз, сонымен бірге жолдардың жай-күйіне бақылауды күшейту үшін дрондарды пайдаланамыз», – деді Лепеха.

Сондай-ақ оқыңыз