Алмазбек Атамбаевтың отбасы Қой-Таштағы үйінен күштеп шығарылды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Алмазбек Атамбаевтың  ұлы Кадырбек Атамбаев биліктің әрекетін «шектен шыққан бассыздық» деп атады / фото: KursivMedia мұрағаты
Алмазбек Атамбаевтың ұлы Кадырбек Атамбаев биліктің әрекетін «шектен шыққан бассыздық» деп атады / фото: KursivMedia мұрағаты

Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевтың отбасы Қой-Таштағы резиденциясынан сот шешімімен күштеп шығарылды.

Үй орнына қарттар үйі мен 500 орындық балабақша салынбақ. Бұл туралы Қадырбек Атамбаев Facebook-тегі парақшасына жазды.

Балаларының мәлімдемесі

Экс-президенттің ұлы Кадырбек Атамбаев биліктің әрекетін «шектен шыққан бассыздық» деп атады. Оның айтуынша, отбасы, ата-бабалары жерленген жерден заңсыз қуылған.

Қызы Алия Шагиева да жағдайды баяндап, сот орындаушылары алдын ала ескертусіз келгенін айтты. Олар отбасының заттарын контейнерге шығарып, адамдарды жаңбыр астында қалдырған.

Үй мемлекет меншігіне өтті

Қырғызстан Мемлекеттік мүлік басқармасының директоры Тимур Малбашев 12 қыркүйекте бұл резиденция сот шешімімен мемлекетке қайтарылғанын хабарлады.

Оның айтуынша, Қой-Таштағы жерге заманауи қарттар үйі, 500 орындық балабақша салынбақ. Құрылыс келесі жылы аяқталады деп жоспарланған.

Атамбаев ісінің тарихы

2019 жылдың тамызында ҰҚК күштері Атамбаевты осы резиденциясында ұстауға әрекеттенген. Бірақ оның жақтастары қарсылық көрсетіп, қақтығыс кезінде бір арнайы жасақ қызметкері қаза тапқан, жүзден астам адам жарақат алған.

Мұның алдында Алмазбек Атамбаев пен оның жақтастарының ісі қаралған еді.

Сондай-ақ оқыңыз