Ninety One, «Дос-Мұқасан», Қайрат Нұртас Алматыда бас қосады

Алматыда Қала күніне орай түрлі мерекелік шаралар өткізу жоспарланып отыр. Түрлі концерттер, кітап фестивалі, digital-шоу және алма жәрмеңкесі, көрме сынды 200-ден астам іс-шара өткізіледі. Бұл туралы Алматы әкімдігі хабарлады.
«Алматыда Қала күніне орай 200-ден астам іс-шара өтеді. Мерекелік бағдарламалар мегаполистің барлық сегіз ауданында ұйымдастырылады. Орталық алаңдарда үлкен сахна орнатылып, танымал артистер өнер көрсетеді. Ашық аспан астындағы барлық концерт пен мәдени бағдарламаға кіру тегін. Негізгі мерекелік іс-шаралар 18-21 қыркүйек аралығында өтеді», – делінген баспасөз хабарламасында.
Бұл күндері өткізілетін концерттік бағдарламалар таңнан кешке дейін жалғасатыны айтылған.
18 қыркүйек
18 қыркүйек күні сағат кешкі 19:00-де Республика сарайының алдындағы Абай алаңында мерекелік шара ұйымдастырылады. «Мұра» атты классикалық музыка кеші ашық аспан астында өтеді. Шарада әлемдік және қазақ классикалық туындылары шырқалады. Атап айтқанда, Штраус пен Пуччиниден бастап, ақын Абайдың және Ескендір Хасанғалиевтің туындылары орындалады. Кеште опера әншілері, хор және балет артистері өнер көрсетеді.
19 қыркүйек
Дәл осы алаңда 19 қыркүйек күні де концерт жалғасын табады. Кешке сағат 18:00-де өтетін «Ән қанатындағы Алматы» атты дәстүрлі музыка кешінде қазақ дәстүрлі өнерінің өкілдері Рамазан Стамғазиев, Сәуле Жанпейісова, Еркін Шүкіманов, Ардақ Исатаева өнер көрсетеді. Сонымен бірге шараға «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі қатысады. Бұл кеште ән, терме, жыр мен күй орындалады.

Кеш соңы 19:30-дағы «QAZAQSHA терапия» заманауи жоба аясында сахналатаын «Ғасырлар үні» атты театрландырылған концерттік спектакльге ұласады.Қойылымда белгілі актер Әсет Есжан және «Алатау» дәстүрлі өнер театрының артистері өнер көрсетеді.
20 қыркүйек
20 қыркүйек күні сағат 18:00-де «Көктөбе» саябағында Алматы тұрғындары мен қонақтарына арналған «Көк-Төбе Опера – 2025» халықаралық классикалық музыка фестивалі ұйымдастырылады.
Сол күні сағат 16:30-да Астана алаңында Almaty Cover Show музыкалық іс-шара өтеді. Кештің басты хедлайнері – Ninety One тобы.
Сонымен бірге кеште ADAM, GETTO DOGS, «Азия» тобы, Бақыт Шадаева, Qali, MATIN, Зарина Омарова, Арман Қоңыр мен Аша Матай, Ерлан Көкеев, Сейфуллин Жолбарыс, Жеңіс Ысқақова, Жазира мен Жанболат, Мөлдір Әуелбекова, Бағым Мұхитденова, Тоқтар мен Бейбіт, Мұхтар Ханзада және басқа да көптеген танымал әншілер 90-жылдар мен 2000-жылдардың хит әндерін жаңа үлгіде орындайды.
20-21 қыркүйек

Ал 20-21 қыркүйек күндері сағат таңғы 10-нан кешкі 6-ға дейінгі аралықта Арбатта KitapFest фестивалі өтеді. Бұл фестивальге баспалард мен жазушылар, ақындар қатысады. Атап айтқанда 60-қа жуық баспа мен кітап дүкендері қатысады. Жәрмеңкеде қонақтар өздерінің сүйікті авторларының туындыларын жеңілдікпен сатып ала алады.
Арбатта заманауи интерактивті аймақтар арнайы әзірленіп, TrendZone – TikTok, Instagram және YouTube стилінде, ал Estelik Zone – «Ер Төстік», «Алиса ғажайыптар елінде», «Дюна», «Кариб теңізінің қарақшылары» және басқа да аңызға айналған шығармалар желісі бойынша фотолокациялар ұсынылады. Сонымен бірге балаларға арналған «Мұзды өлке» («Холодное сердце»), «Қызыл телпек», қазақ ертегісі «Қошқар мен Теке: Жоғалған қазына» және «Шоколад фабрикасының құпиялары» желісі бойынша квесттер ұйымжастырылады.
21 қыркүйек
21 қыркүйек күні сағат 10:30-да Астана алаңында мерекелік концерт басталады. Сахнада Роза Рымбаева, аңызға айналған «Дос-Мұқасан» ансамблі, Зарина Алтынбаева, Жәмила Серкебаева, Біржан Хасанғалиев, Бауыржан Мусин, Аружан Данышпан, Ерлан Байназаров, Әли Оқапов пен Мәди Рымбаев, Il canto квартеті, «ЖасStars» тобы, «Жаңа толқын-2025» байқауының жеңімпазы Александр Лим, Диана мен Ален Самыкеновтер, Төлеген Рахымбаев және басқа да артистер өнер көрсетеді.
Сол күні сағат 17:00-де осы ескі алаңда «Aspan FM» музыкалық фестивалі өтеді. Бұл концертке Қайрат Нұртас, TURAR, 6ellucci, «МузАрт» тобы, Бүркіт пен Айша, Медеу Арынбаев, Тамара Асар, Құрмаш Маханов, Бағлан Әбдірайымов, Кеңес Әлімжан, BYTANAT, Еркеш Хасен, Ақылбек Жеменей, Алан Черкасов, Асхат Тарғын, Өмірқұл Айниязов, Заттыбек Көпбосынұлы, Райым Уайс, INJU, Әзиз Балтабекұлы, Ұлжан Ағлақова, Жәнібек Бестерек, DARO, Аян Байжігіт, DONY, Асыл Ұлықман, Ерболат Ержанбаев, Гүлнұр Оразымбетова, Ақбота Керімбекова, Бақыт Тұрман, сондай-ақ «МузАрт Лайф», «JasStars», «Алашұлы» топтары және басқа да танымал топтар мен әншілер қатысады.
Сонымен бірге Қайрат ФК балалар хоры сахнаға шығып, әйгілі әртістермен бірге өнер көрсетеді.
Digital Fest Almaty
21 қыркүйек күні Панфилов жаяу жүргіншілер көшесінде таңғы 10-да ауқымды Digital Fest Almaty цифрлық фестивалі өтеді. Бұл күні көше инновация орталығына айналып, әрбір жан цифрландырудың мүмкіндіктерін көріп, сезіне алады. Қонақтарға «Болашақ сферасы», «Цифрлық алма», VR-көзілдірігі бойынша ойындар ұсынылып, «Калейдоскоп» фотозонасы және басқа да қызықты digital-алаңдар ашылады. Сонымен бірге робот-суретшілердің туындыларны тамашалау мүмкіндігі туады.
«Alma Fest – 2025»

Бұл күні Тұңғыш Президент саябағында «Alma Fest – 2025» алма фестивалі ұйымжастырылады. Таңғы 10-нан бастап саябақта алма жәрмеңкесі, этноаймақ, қолөнер және гастрономиялық алаңдар, балмұздақ фестивалі, ашық аспан астындағы кинотеатр және басқа да қызықты іс-шаралар өткізу көзделген. Фермерлер шараға 100 тонна алма алып келеді деп жоспарланып отыр.
Сонымен бірге саябақта DJ Dimash, DJ Angel, DJ Akhmetoff және DJ Big Boy сынды танымал диджейлер өнер көрсетеді. Жәрмеңке соң кешке қарай концеркте ұласып, онда Әли Оқапов, QANAY, Еркеш Хасен, Royals Band, Talisman Band, ADEMI, BONAPART, ASTRA, Akimmich, Kesh You, Aya Funk, COLORIT, IONE және From.KZ өнер көрсетеді.
Ал сағат 12 мен 15:00 аралығында саябақта қала тұрғындары мен қонақтар үшін цирк шоуы ұйымдастырылады. Сол мақсатта саябақта арнайы Шапито орнатылып, акробаттар, әуе гимнасттары, жонглерлер, шебер эквилибристер және көңілді сайқымазақтар өнер көрсетеді. Циркке кіру ақылы. Бағасы –3000–4000 теңге аралығында.
Бұл күндері қаланы көрмелері мен кітапхзаналарында да мерекелік шаралар ұйымдастырылады. Әдеби кештер, тақырыптық көрмелер мен спорттық жарыстар да өткізіледі. Қандай шараның қай уақытта өткізілетіні әкімдік сайтында жазылған.