Қытай мен АҚШ TikTok бойынша алдын ала келісімге келді

АҚШ пен Қытай Мадридте өткен өзара саудаға қатысты шарада TikTok-қа қатысты да алдын ала келісімге келді. Бұл туралы келіссөздер қорытындысында АҚШ қаржы министрі Скотт Бессент мәлімдеді. Келіссөздердің сәтті өткені жөнінде президент Дональд Трамп та жазып, TikTok мәселесінің шешілді деген емеурін білдірді.
Бессенттің Reuters пен Bloomberg-ке берген сұхбатына сәйкес, әзірленіп жатқан келісім шарттары АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік мүдделерін қамтамасыз етуі тиіс. Бір жағынан әлеуметтік желі өзінің «қытайлық сипаттарын» сақтап қалады. Әзірге келісімнің нақты шарттары белгісіз.
19 қыркүйекте Трамп ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен телефон арқылы сөйлесуі керек. Сол күні мәміле мен басқа да сауда келісімдерінің толық мәліметтері жарияланады. Бессенттің айтуынша, егер келісім жасалмаған болса, Трамп пен Си Цзиньпин арасындағы әңгіме мүлде болмас еді.
Трамп президенттікке келгелі бері TikTok-ты қытайлық ByteDance компаниясынан сатып алу туралы уәде берген еді. TikTok-тың америкалық бөлімшесін сатуға міндеттейтін заң жобасы Джо Байденнің кезінде басталған. Ақ үй әкімшілігі америкалық қолданушылардың жеке деректері қытай үкіметіне жіберіледі деп қауіптенеді.
Осы жылы 30 маусымда Трамп әлеуметтік желі бойынша келісімге келдік деп бір хабарлаған еді.