Люксембург ресми түрде Палестинаны мойындады

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Люксембург Палестинаны мойындады / Фото: ашық дереккөзден

Люксембург Палестинаны ресми түрде мойындайды. Бұл туралы парламенттік комиссия отырысында елдің премьер-министрі Люк Фриден мен сыртқы істер министрі Ксавье Беттель мәлімдеді.

Ақпаратқа сәйкес, Палестинаны тану мәселесі Люксембургте біраз уақыттан бері талқыланып келген. Алайда ел билігі «қолайлы сәтті» күткен.

Жоспар бойынша, Люксембург үкіметі БҰҰ Бас ассамблеясының отырысында Палестинаны тану мәселесінде Франция, Ұлыбритания, Канада және Бельгияға қосылмақ.

БҰҰ-ға мүше 193 мемлекеттің 140-тан астамы, соның ішінде ЕО мүшелері Испания мен Ирландия, Палестинаны мойындады. Франция президенті Эммануэль Макрон да шілде айында қыркүйекте өтетін БҰҰ Бас ассамблеясында Палестинаны мойындауға дайын екенін мәлімдеген.

Сондай-ақ оқыңыз