Алматыда нөсерден кейін кептеліс 10 балға жетті

16 қыркүйектегі нөсерден кейін Алматы тұралап қалды. Қаладағы жол кептелісі 10 баллға дейін өсті.
2GIS-тен байқағандай Рысқұлов және Абай даңғылында екі бағытта да кептеліс. Райымбек даңғылы Тәтібеков көшесінен бастап солтүстік бағытта, Төле бидің бойы Достық даңғылынан бастап солтүстік бағытта жол қозғалысы қиындаған.
Ораз Жандосов көшесінен бастап Шығыс айналма жолға дейін Әл-Фараби даңғылының бойы оңтүстік бағытта қозғалыс тоқтаған. Және Сейфуллин даңғылының бойы екі бағытта да кептелісте тұр.
Жол қозғалысының қиындауына себеп болған қатты жауын кешкі 17:00-ден кейін басталды. Синоптиктердің болжамынша, 17-18 қыркүйекте де қалада жауын-шашын болып, ауа температурасы 18-20 градусқа дейін түседі.
Ескерте кетейік, 17 қыркүйекте Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады.