Қосшыға табиғи газ берілді

Қосшы қаласындағы газ реттеу нысанының алғашқы кешені іске қосылды. Ұзындығы 409 шақырым болатын магистральді желі арқылы сағатына 32 800 текше метр көгілдір отын тасымалданады деп хабарлайды Ақордадан.
Жобаның жалпы құны 11,4 миллиард теңгені құрайды.
Қосшы – Астананың іргесінде орналасқан қала, бірақ ұзақ жылдар бойы инженерлік инфрақұрылымы дамымай келген. Негізінен тұрғындар көмір немесе сұйытылған газ баллонын пайдаланатын еді.
2019 жылы «Сарыарқа» магистральды газ құбыры іске қосылып, Қарағанды арқылы Астанаға дейін газ жеткізді. Осы құбырмен қала маңындағы елдімекендер, оның ішінде Қосшыға газ құбырлары тартыла бастады.
2023 жылдан бастап Қосшыға газ тарту жұмыстары жүріп, 2025 жылы алғашқы абоненттер табиғи газға қосылды.
Осы жылы жазда «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов Тоқаевқа берген есебінде елдегі газдандыру деңгейі 62,4%-ға жетті деп мәлімдеген. Соңғы үш жылдың ішінде 1,7 миллионнан астам қазақстандық табиғи газ пайдалана бастады.