Экономика, қаржы тақырыбындағы ең танымал The Economist журналы сатылмақ

The Economist Group холдингін иеленетін кәсіпкер Линн Форестер де Ротшильд журналды сату мүмкіндігін қарастырып жатыр. Ол холдинг акциясының 20%-ын иеленеді деп жазады Bloomberg.
Агенттік бағалауынша, журналды сатқаннан 200-400 млн еуро немесе 545 млн долларға дейін табыс әкелуі мүмкін.
Bloomberg жазғандай, The Economist басылымының меншік құрылымы соңғы рет он жыл бұрын өзгерген. 2015 жылы Pearson Plc компаниясы өз үлесін бөлігін италиялық Аньелли әулетіне сатқан. Содан бері Аньеллилердің фирмасы Exor NV арқылы 43,4% үлеске ие болып, ең ірі инвестор атанды.
Басқа акционерлер қатарында бірқатар ауқатты әулеттер мен бұрынғы және қазіргі қызметкерлер бар. Олардың ішінде бұрынғы бас редактор, қазіргі Bloomberg News жетекшісі Джон Миклетвейтті де атауға болады.
The Economist Group құрамына:
- журнал, сайт, қосымша мен подкасттар,
- Economist Intelligence Unit (макроэкономика және геосаясат бойынша зерттеулер жүргізеді),
- Economist Impact (саясат саласындағы іс-шаралар мен зерттеулерді ұйымдастырады) кіреді.
Топта 26 елде 1,5 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді.
.