Алатау қаласында қоқыс полигонындағы өртке байланысты төтенше жағдай жарияланбақшы

Алатау қаласында қоқыс полигонындағы өртке байланысты техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланбақшы. Қала әкімінің шешімі «Ашық НҚА» порталына орналастырылды.
Бұл шешім қатты тұрмыстық қалдықтар полигонындағы өртке байланысты жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай туралы халықты хабардар ету мақсатында қабылданған.
Құжаттың «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі міндетін атқарушысының 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» бұйрығына сәйкес әзірленгені жазылған.
Әкім шешімін онлайн талқылау бүгін сағат 12-ге дейін жалғасады.
Еске слаа кетсек, Алатау қаласы маңында қоқыс полигонының жанып жатқанына бірнеше күн болды. Құтқарушылардың жұмысына жел бағытының өзгеруі мен қоқыстың 10 метр тереңдікте бықсып жануы кедергі келтіріп жатыр. Жұмыстардың күрделілігіне байланысты өртті сөндіруге басқа өңірлердің құтқарушылары жұмылдырылды.