Порноактриса секс-индустрияны тастап, ислам дінін қабылдады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Порно актриса Рэй Лил Блэк деген атпен танымал / Фото: instagram.com/raelilblack
Порноактриса Рэй Лил Блэк деген атпен танымал / Фото: instagram.com/raelilblack

Порноактриса Каэ Асакура секс-индустрияны тастап, ислам дінін қабылдады. Бұған дейін ол ересектерге арналған фильмдерге түсіп келген.

Daily Star ақпаратына қарағанда, ол Рэй Лил Блэк деген атпен танымал. Каэ Асакура хиджаб киіп, мешіттерге барып намаз оқи бастаған. Тіпті Рамазан айында ораза да ұстаған. Актриса өзінің жаңа өмір салты жайлы әлеуметтік желілерде бөлісіп жүр.

Алайда жуырда желіде оның бұрын түскен жаңа фильм пайда болған. Бұған қатысты Асакура түсініктеме беріп, бейнежазба екі жыл бұрын түсірілгенін айтты. Бұрынғы порноактрисаның айтуынша, ол жұмыс істеген компания келісімшартқа сәйкес әлі де бұрынғы контентін жариялап отырады.

Сондай-ақ, оның бұрынғы аккаунттарындағы ескі сілтемелерді де қазір өшіре алмайтынын жеткізді. Бұл келісімшарт талаптарына байланысты екенін түсіндірді.

Бұған дейін америкалық бұрынғы порножұлдыз Бриттни Де Ла Мора да мансабын доғарып, дінге бет бұрған еді. Ол тіпті «Порнотәуелділіктен қалай құтылуға болады?» атты курс жасап, өзгелерге көмектесіп жүр.

Мұның алдында OnlyFans порно-платформасы 8 млрд долларға сатылуы мүмкін екенін туралы ақпарат шықты.

Сондай-ақ оқыңыз