Қазақстан пойыздарына спутниктік интернет орнатыла бастады

«Жолаушылар тасымалы» OneWeb және Starlink– пен бірлесіп пойыздарға спутниктік интернет орнатуды бастады. Қазірдің өзінде жоғары жылдамдықты Wi-Fi «Астана – Алматы», «Астана – Өскемен» және «Астана – Бурабай» бағыттарында бар. Жыл соңына дейін тағы екі бағыт қосылмақ. Бұл туралы ҚТЖ баспасөз қызметі хабарлады.
Компания цифрландыру бағытында tablo.railways.kz онлайн-сервисін іске қосты. Онда пойыздардың қозғалысы туралы жедел ақпарат жариялаған
Сонымен қатар компания 2030 жылға қарай жолаушылар вагондарының паркін толық жаңартуды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда 2 188 вагонның орташа қолданылған мерзімі 16 жылға тең, соңғы 10 жылда парк 50%-ға жаңартылған.
Stadler компаниясымен 557 жаңа вагон жеткізуге келісім жасалды. Оның ішінде купелік, плацкарттық, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған және генераторлы вагондар бар. Барлығы кондиционер, бейнебақылау жүйесі, өртке қарсы жабдықтар, розетка және USB қосқыштарымен жабдықталады.
Алғашқы партиясы 2025 жылдың соңына дейін жеткізіледі. 2030 жылға қарай парктың орташа жасы 10 жылға дейін төмендейді.
Сонымен қатар «ЗИКСТО» АҚ-пен әріптестік жалғасып жатыр. 2022–2025 жылдары 255 вагон мен 18 электропойыз вагоны алынған, жыл соңына дейін тағы 63 вагон жеткізіледі.
Бұған дейін Қазақстан Қытайдан 270 гибридті тепловоз сатып алатыны хабарланған.