20 қыркүйектен бастап мамандар үй-үйді аралап ақпарат жинайды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Ауыл шаруашылығы санағының екінші кезеңі басталады/фото: shutterstock

20 қыркүйекте ауыл шаруашылығы санағының екінші кезеңі басталады. Интервьюерлер барлық елдімекенде үй-үйді аралап, деректер жинайды. Жалпы саны 1,2 млн үй шаруашылығын қамту жоспарланған.

Санақ барысында 22 сұрақ қойылады. Ол жерде мал мен құстың бар-жоғы, жер ресурстарын пайдалану, бақша егу, тыңайтқыш қолдану және басқа да мәліметтер қамтылады.

Үй-үйді аралау жұмысына 2,5 мыңнан астам интервьюер жұмылдырылады. Олар айрықша көк түсті формада – жилет пен бейсболкада болады, бейджде жеке басын растауға арналған QR-код бар. Егер үй иелері үйінде болмаса, интервьюер байланыс нөмірі көрсетілген хабарландыру қалдырады.

Ұлттық статистика бюросы ақпараттың қауіпсіздігі мен құпия сақталуына кепілдік береді. Барлық жауап заңмен қорғалады, ал деректер тек жалпыланған түрде қолданылады. Сұрақтар туындаған жағдайда бюроның байланыс орталығына 1446 нөмірі арқылы тегін хабарласуға болады.

Айта кетейік, онлайн-санақ 1 тамызда басталды.

Сондай-ақ оқыңыз