Тоқаев қылмыстық кірістерді жылыстатуға қарсы жаңа заңға қол қойды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Токаев поддержал Индию в день авиакатастрофы
Тоқаев жаңа заңға қол қойды / фото: akorda

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

Аталған құжат қаржылық қауіпсіздікті арттыруға, заңсыз табыс көздерін анықтау мен тосқауыл қоюға, сондай-ақ халықаралық стандарттарға сәйкес келетін құқықтық тетіктерді жетілдіруге бағытталған.

Жаңа өзгерістер бойынша қаржы ұйымдары мен уәкілетті органдардың бақылау тетіктері күшейтіледі. Сондай-ақ, күмәнді қаржылық операцияларды анықтау, есепке алу және алдын алу шаралары кеңейтіледі.

Сондай-ақ оқыңыз