Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне 400 тоннадан аса өнім шығарылды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Астанада ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр / фото: KursivMedia мұрағаты
Астанада ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр / фото: KursivMedia мұрағаты

20–21 қыркүйек күндері елордада Абай және Атырау облыстарының өндірушілері қатысқан дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр.

Бұл шарада аталған өңірлердің фермерлері ет, сүт, балық, көкөніс, жеміс-жидек және түрлі бакалея өнімдерін тікелей ұсынады. Мұндай жәрмеңке азық-түліктің бағасын қолжетімді етіп қана қоймай, отандық шаруаларды қолдауға жол ашады.

Сауда және интеграция министрлігінің ақпаратынша, фермерлер елордаға шамамен 400 тонна өнім жеткізген. Оның ішінде:

140 тонна ет пен ет өнімдері, 80 тонна көкөніс пен жеміс-жидек, 70 тонна бал, 50 тонна бақша дақылдары, 25 тонна балық, 15 тонна сүт өнімдері, сондай-ақ 20 тоннаға жуық басқа да азық-түлік бар.

Жәрмеңкеге келген қала тұрғындары мен қонақтары сапалы өнім сатып алып қана қоймай, өңірлік өнер ұжымдарының қатысуымен өтетін мәдени бағдарламаға да куә бола алады.

Сауда алаңы таңғы 09:00-ден кешкі 18:00-ге дейін ашық.

Айта кету керек, биылғы жәрмеңке «Қазанат» ипподромының автотұрағында ұйымдастырылып жатыр. Қатысушылардың ыңғайлығы үшін №18, №37 және №303 автобустары жәрмеңке өтетін жерге қатынайды.

Мұның алдында Астанада ЖРВИ жұқтырғандар саны 14%-ға көбейгені туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз