Зейнетақы қаржысын тәуекелі жоғары құралдарға салуға рұқсат берілмек

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото:kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қазақстан Үкіметі Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) қаржысын басқару тәртібіне өзгерістер енгізуді көздеп отыр. Жаңа жобада зейнетақы активтерін тек дәстүрлі құралдарға ғана емес, сонымен қатар балама және тәуекелі жоғары инвестицияларға да салу мүмкіндігі қарастырылған. Үкімет қаулысының жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланған.

Атап айтқанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының тізімі кеңейіп, оған арнайы мақсаттағы компаниялар мен әріптестіктердің (Special Purpose Vehicle, SPV) акциялары мен үлестері, сондай-ақ бағалы қағаздарды кепіл арқылы қарызға беру операциялары (Securities Lending) енгізілмек.

Мұндай қадамның басты мақсаты – зейнетақы жинақтарының ұзақ мерзімді табыстылығын арттыру.

Үкіметтің ойынша, балама қаржы құралдары дәстүрлі облигациялар мен депозиттерге қарағанда жоғары кіріс әкелуі мүмкін. Алайда мұндай инвестициялар тәуекелі де жоғары.

Құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланып, 6 қазанға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылды.

Қазақстандықтардың зейнетақы активтері 24, 35 трлн теңгеден асты. Соның 24,28 трлн теңгесі Ұлттық банктің (ҰБ) басқаруында.

Сондай-ақ оқыңыз