Pfizer артық салмақпен күресетін стартапты 4,9 млрд долларға сатып алады

Pfizer компаниясы артық салмақпен күресу жөніндегі стартапты 4,9 млрд долларға сатып алуға келісті. Бұл туралы Kursiv.Media Bloomberg мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.
Америкалық Pfizer, салмақ түсіруге арналған жобасы сәтсіздікке ұшыраған соң, Metsera Inc. стартапын сатып алатын болды. Фармкомпания оның әр акциясына қолма-қол 47,50 доллар, сонымен бірге 22,50 доллар қосымша ақша төлейді. Бұл туралы компанияның дүйсенбіде таратқан мәлімдемесінде сөз болды.
Pfizer коронавирус індеті аяқталғаннан кейін қайтадан бас көтеріп жатыр. Енді ол ескі дәрілерді жаңасына алмастыруға көшті.
Metsera артық салмақтан арылу саласында болашағы зор компаниялардың бірі. Ол салмақ түсіретін бірнеше препарат дайындаумен айналысып жүр.
Стартап салмақ түсіретін дәріні адамға мейлінше аз салу әдісіне ден қояды. Оның MET-233i препараты 36 күнде пациенттердің 8,4%-ға дейін салмағын түсіруге көмектескен. Зерттеу әлі аяқталған жоқ. Ол нарыққа шығам дегенше тағы біраз уақыт өтеді.