Усман Дембеле – 2025 жылғы «Алтын доп» иегері атанды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Усман Дембеле с «Золотым мячом», призом лучшему футболисту мира сезона-2024/25
Усман Дембеле – 2025 жылғы «Алтын доп» иегері атанды / фото: uefa.com

28 жастағы «Пари Сен-Жермен» және Франция құрамасының шабуылшысы Усман Дембеле алғаш рет әлемнің ең үздік футболшысына берілетін беделді «Алтын доп» жүлдесін алды.

Париждегі «Шатле» театрында 22 қыркүйек күні өткен 69-шы салтанатты рәсімде маусым-2024/25-тің үздіктері марапатталды.

Дембеле бұл маусымда ПСЖ-мен бірге Чемпиондар лигасын, Франция біріншілігін, ел Кубогын және Суперкубокты жеңіп алды. Сондай-ақ клубтық әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды. Жалпы алғанда 35 гол соғып, 16 нәтижелі пас берді. Осылайша Дембеле «Алтын доп» иеленген алтыншы француз футболшысы атанды. Бұған дейін осы марапатты Раймон Копа, Мишель Платини, Жан-Пьер Папен, Зинедин Зидан және Кәрім Бензема алған еді.

Усман Дембеле туралы

Усман Дембеле 1997 жылы 15 мамырда Францияның Вернон қаласында туған. Футболдағы алғашқы қадамын «Ренн» академиясынан бастады. Кейін «Ренн» (2014–2016), «Боруссия Дортмунд» (2016–2017), «Барселона» (2017–2023) клубтарында ойнады. 2023 жылдан бері «ПСЖ» сапында өнер көрсетіп келеді.

  • Чемпиондар лигасының жеңімпазы (2025)
  • Испания чемпионы (2018, 2019, 2023)
  • Испания кубогының иегері (2018, 2021)
  • Франция чемпионы (2024, 2025)
  • Франция кубогы мен Суперкубогының иегері (2023–2025)
  • Германия кубогының иегері (2017)
  • Әлем чемпионы (2018, Франция құрамасы)

Ұлттық құрама сапында 57 матч өткізіп, 7 гол соққан.

Алтын допқа үшін таласта 2-орынды Барселонаның жас ойыншысы Ламин Ямаль алса, үшінші орын Дембеленің командаласы Витиньяға бұйырды. Топ-10-дықтың жартысын «ПСЖ» ойыншылары құрады.

Парижде өткен кеште басқа да үздік футболшылар марапатсыз қалған жоқ:

  • Ерлер арасындағы үздік футболшы: Усман Дембеле («ПСЖ», Франция)
  • Әйелдер арасындағы үздік футболшы: Айтана Бонмати («Барселона», Испания)
  • «Копа» трофейі (жас талант): Ламин Ямаль («Барселона», Испания)
  • «Яшин» трофейі (үздік қақпашы): Джанлуиджи Доннарумма (Италия, «ПСЖ»/«Манчестер Сити»)
  • «Герд Мюллер» трофейі (үздік бомбардир): Виктор Дьекереш (Швеция, «Спортинг»/«Арсенал»)
  • «Йохан Кройф» трофейі (үздік бапкер): Луис Энрике («ПСЖ», Испания)
  • Үздік ерлер клубы: «ПСЖ» (Франция)
  • Үздік әйелдер клубы: «Арсенал» (Англия)

«Алтын доп» марапатын France Football журналы 1956 жылдан бері тапсырып келеді. Бұл жүлде – әлем футболындағы ең беделді жүлде. Абсолюттік рекордсмен – Лионель Месси (8 мәрте иегері). Одан кейін Криштиану Роналду (5 мәрте), Мишель Платини, Йохан Кройф және Марко ван Бастен (әрқайсысы 3 мәрте) тұр.

2024 жылы «Алтын доп» Испания құрамасы мен «Манчестер Ситидің» ойыншысы Родриге берілген еді.

Сондай-ақ оқыңыз