«Қайрат» – «Реал Мадрид» матчының билеттерін қалай алуға болады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Қайрат Реал Мадрид
«Қайрат» – «Реал Мадрид» матчының билеттерін қалай алуға болады / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Бүгін, 23 қыркүйек күні, сағат 17:00 де «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы көптен күткен ойынның билеттері ресми сатылымға шығады. Осығай орай Freedom Ticketon бірнеше ережелерді түсіндірді.

Кезек жүйесі

Ticketon.kz сайтында билеттерді сату арнайы екі сатылы кезек жүйесі арқылы ұйымдастырылады:

1. Сайтқа кіру кезегі – қолданушылар көп болған жағдайда алдымен арнайы күту бөлмесі ашылады.

2. Іс-шараға кезек – сайтқа кіргеннен кейін «Қайрат – Реал Мадрид» батырмасын басқан жанкүйер жеке күту бөлмесіне өтеді, мұнда тікелей билеттерге кезек қалыптасады.

Жанкүйерлер кезекте тұрған орындарын жоғалтпайды. Егер бет кездейсоқ жабылып қалса, 10 минут ішінде қайта кірсе, кезек сақталады. Сонымен қатар, күту бөлмесінде өз e-mail мекенжайын қалдыруға болады – кезек жеткенде хабарлама жіберіледі.

Билетті алдын ала алу мүмкіндігі

Freedom Ticketon мәліметінше, кезекті алдын ала алуға болмайды. Күту бөлмесі сағат 17:00-де ғана іске қосылады. Сондықтан оған дейін (мысалы, түскі 12:00-де немесе күндізгі уақытта) кірген жағдайда орын бекітілмейді.

Билетті алу үшін қажетті деректер

Билетті рәсімдеу кезінде жанкүйерлерден:

  • телефон нөмірі,
  • электронды пошта мекенжайы,
  • ЖСН немесе төлқұжат деректері,
  • банк картасының деректері сұралады.

Әр билет жеке ЖСН-ге тіркеледі. Егер екі билет сатып алғыңыз келсе, екі түрлі ЖСН қажет болады – өзіңіздікі және бірге баратын адамның ЖСН-і.

Шектеулер

Бір жанкүйер ең көп дегенде екі билет қана сатып ала алады. Бұл шектеу билеттердің қайта сатылуын болдырмау және жанкүйерлердің көпшілігіне стадионға кіруге мүмкіндік беру үшін қойылған.

Бағалар

  • Солтүстік және Оңтүстік трибуналар – 75 000 теңге
  • Шығыс трибуна – 150 000 теңге
  • Батыс трибуна – 250 000 теңге
  • Батыс трибуна, 1–9 сектор (1–2 қатар) – 30 000 теңге
фото: ticketon

Билетті алу уақыты

Төлем жасалған соң жанкүйерлерге ваучер беріледі. Нақты электронды билеттер матч басталардан 6 сағат бұрын SMS арқылы жолданады. Freedom SuperApp қолданушылары үшін билеттер сол уақытта «Менің билеттерім» бөлімінде қолжетімді болады.

Билеттер тек ресми Freedom SuperApp, Ticketon.kz, Qairat SuperApp ресурстар арқылы сатылады. Үшінші тұлғалардан билет сатып алу матчқа кіре алмау қаупін тудырады.

Айта кетейік, «Қайрат» – «Реал Мадрид» ойыны 30 қыркүйек күні, сағат 21:45 те Алматының Орталық стадионында өтеді.

Сондай-ақ оқыңыз