Тоқаев Сауд Арабиясына құттықтау жеделхат жолдады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Тоқаевтың пікірінше, Сауд Арабиясы – Қазақстанның араб әлемі мен Таяу Шығыстағы сенімді әрі басты серіктестерінің бірі / фото: Ақорда
Тоқаевтың пікірінше, Сауд Арабиясы – Қазақстанның араб әлемі мен Таяу Шығыстағы сенімді әрі басты серіктестерінің бірі / фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясы Корольдігінің ұлттық мейрамына орай құттықтау жеделхаттарын жолдады.

«Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың және өзінің атынан Қос киенің сақшысы, Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбделазиз Әл Сауд пен Сауд Арабиясының Тақ мұрагері, Премьер-министрі Мұхаммед бен Салман Әл Саудты және барша сауд халқын осы елдің Ұлттық күнімен құттықтады», – делінген Ақорданың баспасөз қызметінің хабарламасында.

Президенттің пікірінше, Сауд Арабиясы – Қазақстанның араб әлемі мен Таяу Шығыстағы сенімді әрі басты серіктестерінің бірі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Королі мен Сауд Арабиясы Тақ мұрагерінің қызметтеріне толағай табыс, сауд халқына құт-береке тіледі.

Мұның алдында Президент Қазақстанның АҚШ-пен мұнай жобаларындағы әріптестікті жалғастыруға ниетті екенін мәлімдеген еді.

Сондай-ақ оқыңыз