Үкімет коммуналдық қызмет тарифтерін алдағы 6 жылда кезең-кезеңімен көтермек

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: shutterstock, бильд-редактор: Дастан Шанай

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласын (ТҮКШ) жаңғыртуға бюджетттен тыс қаржы тартуға болады. Өйткені ТҮКШ – инвестиция барынша тез қайтатын сала. Үкімет энергетика және коммуналдлық секторды жаңғыртуға 13 трлн теңге бөлуді жоспарлап отыр. Соның ішінде 6,8 трлн теңгесін тозығы жетіп тұрған инженерлік желілерді ауыстыруға жұмсамақ. Бұл инвестиция тарифтерді қымбатттау есебінен өтеледі. Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов Kursiv Infrastructure Forum барысында тұтынушының қалтасына салмақ салмас үшін, тарифтер алдағы 6 жылда ақырындар көтерілетінін айтты.

«Біздің есебімізше, 200-ге тарта кәсіпорынды жаңғырту керек. Тарифтерді қаншаға көтеру керек екенін есептеген кезде, тарифті 6 жыл ішінде кезең-кезеңімен қымбаттату салмақ түсірмейтінін анықтадық. Ел үшін өте қажет жаңғырту жобасына тарифтерді қатты қымбаттапай-ақ жүзеге асырамыз», -деді ол.

Соның нәтижесінде тозыңы жеткен желідердің үлесі 35-40 пайызға азаймақ. Бұл ретте жоба барысында бюджет қаражаты тек пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға ғана бағытталмақ. Субсидияға 1 млрд теңге қарастырылған.

«Кейбір қалаларда инфрақұрылым қатты тозғандықтан, тарифтердің тым қатты қымбаттауына жол бермес үшін пайыздық мөлшерлеме субсидияланады. Ал қалған қаражатты даму институттары арқылы 20 жыл мерзімге өтелетін негізде берілді. Алғашқы кезде 7-9 жылға қарыз беру көзделген, бірақ бірқатар салалар ұзақ мерзімді қарыз есебінен қаржыландырылуы тиіс», – деп нақтылады Касенов.

Үкімет биылша тарифті көтермеуге шешім қабылдаған. Ресми түсіндірмеге сәйкес, инфляция үш негізгі сегменттен тұрады: азық-түлік тауарлары, азық-түлікке жатпайтын тауарлар және қызметтер. Соңғысының ішінде коммуналдық қызмет тарифтері биыл айтарлықтай қымбаттағандықтан, жыл соңына дейін тариф өспейді.

Қасеновтың айтуынша, бұл шара коммуналдық кәсіпорындардың ұзақмерзімді қаржылық тұрақтылығына әсер етпейді.

Бұған дейін экономист Расул Рысмамбетов мемлекет тозған инфрақұрылымды толық қаржыландыруға тиіс емес екенін айтқан.

Сондай-ақ оқыңыз