Жаңа мектептердің сапасы мен қауіпсіздігі жіті бақыланады

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Келешек мектептерінің құрылысы қалай қадағаланады? / Фото: kursiv.media архиві

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ басқарма төрағасының бірінші Ғабит Малғаздаров «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан мектептердің құрылысы қалай қадағаланатынын айтып бердді.

Ғабит Малғаздаров «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 217 заманауи мектептің құрылысы қолға алынғанын атап өтті. Бұл жоба тек жаңа ғимараттар салумен шектелмейді, сонымен қатар бүкіл білім беру жүйесіне жаңа сапа стандарттарын енгізуді көздейді.

Құрылыс барысы қалай бақыланады

Әрбір мектеп құрылысына күн сайын бақылау жүргізетін үш түрлі тәуелсіз техникалық сарапшы бекітілген. Олар – құрылыс жұмыстары, инженерлік желілер және жабдықталу бойынша мамандар. Сарапшылар апта сайын фото және есептерді электронды жүйеге жүктеп отырады. Бұған қоса, мердігер компаниялар бейнебақылау орнатып, жұмыс барысын онлайн түрде қадағалап отыру міндеттелген.

Құрылысқа қатысатын компанияларға қойылатын талаптар да өте қатаң:

  • Аккредитациясы мен құрылыс зертханасы болуы;
  • Білікті кадрлар құрамы;
  • Сот процесстері, берешек пен банкроттық белгілерінің болмауы;
  • Ұқсас жобаларды жүзеге асырған тәжірибесі.

Құрылыстағы ашықтық пен цифрландыру

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Samruk-Kazyna Construction елімізде алғаш рет құрылыс саласына e-Qurylys ақпараттық жүйесін енгізді. Бұл жүйеде құрылыс жұмыстарының барлық кезеңі – жобаның басталуынан аяқталуына дейін тіркеледі.

«Мердігер компаниялар күнделікті есеп беріп, апта сайын фото және есептерді жүктейді. Жобадағы барлық ақпарат – құрылыс барысы, материал жеткізу, атқарылған жұмыс кезеңдері – нақты уақыт режимінде барлық тараптарға (авторлық және техникалық қадағалау, бақылаушы органдар) қолжетімді. Бұл – жемқорлық тәуекелдерін азайтып, сапаны тиімді бақылауға мүмкіндік береді«, деп түсіндірді Ғабит Малғаздаров

Жүйе қағазбастылықтан толық арылуға жол ашты және құрылыс процесінің ашықтығын қамтамасыз етті. Бастапқыда кейбір компаниялар электронды форматқа көшуден бас тартқанымен, бүгінде e-Qurylys жүйесінің тиімділігін мойындап отыр.

Отандық өнімге басымдық беріледі

«Жайлы мектеп» жобасының тағы бір ерекшелігі – отандық өндірушілердің өнімін кеңінен қолдану. Барлық жиһаз Қазақстанда жасалған. Мысалы, Қызылорда облысындағы мектептерге шыны өнімдері Қызылорда шыны зауытынан жеткізілген. Түркістан облысындағы мектептердің қасбеттері осы өңірдегі травертин зауытының өнімдерімен әрленген. Ал желдеткіш жабдықтарын Алматы желдеткіш зауыты қамтамасыз етуде.

Компьютерлік техника мен арнайы оқу құралдарын қоспағанда, мектептерде пайдаланылатын материалдардың барлығы — СТ-KZ сертификаты бар отандық өнімдер.

«Келешек мектептері» қандай болады

Жайлы мектептер заманауи стандарттарға сай салынып, толық жабдықталуда:

  • Жалпы алғанда, техникалық жабдықталу деңгейі қарапайым мектептермен салыстырғанда 4 есе жоғары. Мемлекеттік мектептердің құрылысында жабдықтауға бөлінетін қаражат әдетте небәрі 6%-ды құрайды, ал «Жайлы мектептерде» бұл көрсеткіш 20%-ға жеткен. Сонымен қатар мектеп ғимараттарының жалпы ауданы да 20%-ға ұлғайтылған.
  • Барлық мектепт заманауи қауіпсіздік және бейнебақылау жүйелерімен қамтамасыз етілген.
  • Техникалық жабдықталу көлемі 4 есе артық. STEM-зертханалар, робототехника кабинеттері, хореография залдары, оқушылар мен мұғалімдерге арналған коворкинг аймақтары қарастырылған.
  • Әрбір оқушы үшін жеке шкафтар және әр қабатта ауызсу фонтаншалары орнатылған.
  • Пандустар, лифтер, инклюзивті кабинеттер мен санитарлық тораптар қарастырылған – яғни толықтай кедергісіз орта жасалған.
  • Бастауыш және жоғары сынып оқушыларына арналған бөлек бағыттаушы навигация енгізілген. Бұл – ығы-жығыны азайтып, буллингтің алдын алуға мүмкіндік береді.
  • Аймақтың климаты мен ерекшеліктеріне бейімделген демалыс, воркаут және нетворкинг аймақтары жабдықталған.

Форум барысында «Samruk-Kazyna Construction» АҚ басқарма төрағасының бірінші Ғабит Малғаздаров «Келешек мектептері» ұлттық жобасының қаржысы қаншалықты үнемді жұмсалып жатқанын айтты.

Сондай-ақ оқыңыз