Си Цзиньпин Шыңжаңның 70 жылдығын тойлау үшін Үрімжіге барды

23 қыркүйекте Қытай төрағасы Си Цзиньпин Шыңжаң Ұйғыр автономиялы өңірінің құрылғанына 70 жыл толуына арналған салтанатты жиынға қатысу үшін Үрімжіге барды. Бұл туралы Kursiv.Media Reuters мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.
Синьхуа агенттігінің мәліметінше, ҚХР басшысы сейсенбі күні Шыңжаңда түрлі этникалық топтар мен қауымдардың өкілдерімен кездесті. Ол көпшілікті «қытай өркендеуі процесі барысында ғажап Шыңжаңды дамытуға күш салуға үндеді».
Шыңжаң өңірінің қалыптасуы XVIII ғасырдың екінші жартысында басталған. 1760 жылы Цинь империясы Жоңғария мен Шығыс Түркістанды біртұтас әскери-әкімшілік өңірге біріктіріп, оны Шыңжаң (Жаңа аумақ) деп атайды. Кейін ол провинцияға айналады. Ал 1955 жылы ҚХР құрамында Шыңжаң Ұйғыр автономиялы ауданы құрылды. Биыл автономиялы өңірге 70 жыл толды.
Шамамен 26 млн халқы бар Шыңжаңда негізінен ұйғыр, қытай, сонымен бірге дүнген, қазақ, қырғыз, моңғол және басқа да этникалық топтар тұрады. 2020 жылғы мәлімет бойынша, өңірде 1,5 миллионнан аса этникалық қазақ өмір сүріп жатыр.