Жетісудағы әскери жаттығу кезінде сарбаз қаза болды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Оқ жарақаты өміріне сәйкес келмеген / Фото: Shutterstock
Оқ жарақаты өміріне сәйкес келмеген / Фото: Shutterstock

Жетісу гарнизонында орналасқан Десанттық-шабуылдау әскерлерінің бір әскери бөлімінде сарбаз қаза болды.

Қайғылы оқиға Жоспарлы жауынгерлік дайындық сабақтары барысында болған. Қауіпсіздік талаптарын сақтамау салдарынан мерзімді қызметтегі әскери қызметші қарудан жарақат алып, қаза тапты.

Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Десанттық-шабуылдау әскерлері баспасөз қызметінің хабарлауынша, сарбаз алған оқ жарақаты өміріне сәйкес келмеген.

Қазір бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Мұның алдында Шымкентте әскерде қайтыс болған сарбаздың жаназасы шығарылған еді.

Сондай-ақ оқыңыз