Қазақстанның автоөнеркәсібі 2025 жылдың сегіз айында 17%-ға өсті

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Қазақстанда автоөндіріс көлемі артып келеді / коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов
Қазақстанда автоөндіріс көлемі артып келеді / коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қазақстанда 2025 жылдың қаңтар-тамыз айларында 1,34 трлн теңге болатын 96 мыңнан астам автомобиль өндірілді.

Өндіріс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 17,3%-ға артты.

20%-ға жоғары

ҚР Ұлттық статистика бюросының дерегінше, тамыз айында Қазақстандағы зауыттар жалпы құны 178,2 млрд теңге болатын 12 944 автомобиль құрастырды. Бұл көрсеткіш былтырғы кезеңмен салыстырғанда 20%-ға жоғары.

Жалпы сегіз айдың қорытындысы бойынша елде құны 1,34 трлн теңге болатын 96 203 автомобиль өндірілді. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 17,3%-ға өсім. Машинажасау саласында автоөнеркәсіптің үлесі – 40,6%.

Алғашқы партия конвейерден түсті

 «Автоөнеркәсіп дамып келеді. Қазір бұл салада тоғыз өндіруші жұмыс істейді. Алматыда Astana Motors Manufacturing Kazakhstan мультибрендтік зауыты іске қосылды. Онда Changan, Chery, Haval және Tank модельдері құрастырылады. Алғашқы партия конвейерден түсіп үлгерді. Бұл технологияны дамыту мен кадр дайындауға жаңа мүмкіндік беріп отыр. Жаңа зауыт көлік бағасын 7%-дан 15%-ға дейін төмендетуге жол ашты. 3600 маманның 1700-і жұмысқа орналастырылды», –деді ҚАО президенті Анар Мақашева.

Өңірлердегі өндіріс

Қостанай (Allur) – 53 376 бірлік. (+10,6%)

Алматы (Hyundai Trans Kazakhstan, Hyundai Trans Almaty) – 35 646 бірлік. (+37,5%)

Семей (СемАЗ, Daewoo Bus Kazakhstan) – 2 764 бірлік. (–23,4%)

Қарағанды (QazTehna) – 1 142 бірлік. (+30,4%)

Көкшетау (КАМАЗ-Инжиниринг) – 817 бірлік. (+24,4%)

Басқалары – 2 458 бірлік. (–10,2%)

Ең танымал брендтер

Қаңтар–тамыз айларындағы есеп бойынша, экспортты қосқанда:

Hyundai – 35 197 бірлік.

Chevrolet – 19 012 бірлік.

Kia – 17 278 бірлік.

Jetour – 8 606 бірлік.

Jac – 6 454 бірлік.

Үздік модельдер:

Chevrolet Cobalt – 15 753 бірлік.

Hyundai Tucson – 14 105 бірлік.

Kia Sportage – 8 082 бірлік.

Hyundai Elantra – 5 387 бірлік.

Hyundai Mufasa – 5 284бірлік.

Жалпы әлемдік тренд бойынша, электромобильдер сатылымы бір жылда 27 %-ға артқан.

Сондай-ақ оқыңыз