Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін пәтерлерді кім тегін жекешелендіре алады?

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидасы өзгереді. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектеновтің қаулысында жазылған.
Қаулыға сәйкес «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысына өзгеріс енгізілмек.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан әдетте коммуналдық тұрғын үй қорына, мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорына не мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй қорына тиесілі және республикалық немесе коммуналдық мүлік құрамына кіретін тұрғынжайлар беріледі.
«Тұрғынжайды жекешелендіру – Заңға сәйкес жүзеге асырылатын, азаматтардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан өздері тұрып жатқан тұрғынжайларды меншігіне сатып алуы», – делінген құжатта.
Құжат қосымшасында жекешелендіру құқына Мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік ұйымдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың жұмыскерлері, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар, егер олар мемлекеттік қызметте, мемлекеттік кәсіпорында немесе бюджеттік ұйымдарда кемінде 10 жыл жұмыс істегендерге беріледі.
Аталған жұмыскерлер зейнетке шығып кеткен болса, жұмыс iстеген мерзiмiне қарамастан, өздерi тұратын қызметтiк тұрғынжайларға теңестiрiлген тұрғынжайларды қалдық құны бойынша жекешелендiре алады.
Сондай-ақ қызметтiк тұрғынжайға теңестiрiлген тұрғынжай берілген қызметкер қайтыс болған жағдайда жекешелендіру құқығы қайтыс болған адамның жұмыс iстеген мерзiмiне қарамастан, қайтыс болған адамның отбасы мүшелеріне өтеді.
Ал ғарыш қызметі саласында 15 жылдан астам жұмыс өтілі бар ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер тұрғынжайды өтеусіз жекешелендіреді.
Қаулы қосымшасымен мына сілтеме арқылы танысуға болады.