Павлодардағы жылу электр орталығында ер адам қаза тапты
Жарияланды

Павлодардағы жылу электр орталығында ар адам қаза тапты. Павлодар облысы жедел медициналық жәрдем станциясы шақыртудың 23 қыркүйек сағат 15:00 шамасында түскенін хабарлады, деп жазды «Қазақпарат».
Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына 9 минутта жеткен. Зардап шеккен ер адам оқиға орнына дәрігерлер келгенше қайтыс болған.
Жұмысшының қазасын еңбек инспекторлары да растаған. Павлодар облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы мамандарының хабарлауынша, «Павлодарэнерго» АҚ-ның ЖЭО-2 алаңында қайғылы жағдай болған. Салдарынан 1992 жылы туған 4-разрядты дәнекерлеуші көз жұмды.