Парацетамолдан аутизм болатыны рас па – ДДСҰ жауап берді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) парацетамолдың аутизм қаупін тудыруы туралы мифті жоққа шығарды. Ұйым сарапшыларының айтуынша, бүгінгі таңда мұндай тәуелділікті растайтын сенімді ғылыми дәлелдер жоқ деп жазады Reuters.
«Қазіргі уақытта аутизм мен парацетамолды қолданудың арасында тұрақты байланыс анықталмаған», – делінген ұйымның ресми хабарламасында.
Осылайша ұйым ғылыми қауымдастықтың бұл тұжырымды растайтын да, жоққа шығаратын да зерттеу нәтижелеріне ие емес екенін атап өтті. Дегенмен сарапшылардың пікірінше, мұндай тақырыптардағы алып-қашпа әңгімелер денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімді әлсіретіп, негізсіз үрей туғызуы, тіпті тиімді медициналық құралдардан бас тартуға әкелуі мүмкін.
Халықаралық мамандардың еске салуынша, парацетамол әлемде температураны түсіру мен ауырсынуды жеңілдету үшін ең көп қолданылатын әрі қолжетімді препараттардың бірі болып қала береді және әзірге оны аутизм дамуының қатер факторы деп санауға негіз жоқ.
Еске салайық, жақында сөйлеген сөзінің бірінде АҚШ президенті Дональд Трамп ауырсынуды басатын «Тайленол» (парацетамол) препараты мен баланың аутизмге шалдығу қаупінің арасында байланыс болуы мүмкін деген еді.