Алматыда 28 қыркүйек күні өтетін марафонға байланысты жолдар жабылады

Алматыда 28 қыркүйек күні өтетін марафонға байланысты жолдар жабылады. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«2025 жылдың 28 қыркүйек күні он төртінші Almaty Marathon өтеді. Almaty Marathon ұйымдастыру комитеті оңтүстік астананың тұрғындары мен қонақтарын 28 қыркүйек күні жарыс қала көшелеріндегі қозғалыс ішінара шектелетіндігі жөнінде хабарлайды», – делінген баспасөз хабарламасында.
Шараға 60-тан астам елден келген 16 000 адам қатысатыны айтылған. Жарыс 28 қыркүйек күні сағат таңғы 6-да бастап, шамамен 12:30-да аяқталады деп жоспарланып отыр. Спортшылар жүріп өткен жолдар кезең-кезеңімен ашыла бастайды.
Қандай көшелер жабылады?
Әкімдік 27 қыркүйек күні сағат 6-дан бастап 28 қыркүйек сағат 22:00-ге дейін Сәтбаев көшесінің Желтоқсан көшесінен Назарбаев даңғылына дейінгі бөлігінде екі бағыттағы көлік қозғалысын тоқтатуды жоспарлап отыр.
Сонымен бірге Желтоқсан көшесінің бойымен Абай даңғылынан Сәтбаев көшесіне дейінгі бөлігі 27 қыркүйек сағат 18:00-ден 28 қыркүйек сағат 16:00-ға дейін ішінара жабылады. Баламалы қозғалыс Достық көшесі арқылы жүзеге асырылады.
Жалпы марафон өтетін күні таңғы 6-дан 12:30-ға дейін Назарбаев, әл-Фараби, Саин, Абай, Байтұрсынов, Тимирязев, Байзақов, Құрманғазы, Абылай хан көшелерінде қозғалыс ішінара жабылады.
Жарыс кестесі
Марафоншылар 10 км қашықтықта жүгіре алады немесе 10 км скандинавиялық жүріс жарысына қатыса алады. Сонымен бірге 21,1 және 42,2 шақырымдық командалық эстафетасына қатыса алады.
28 қыркүйек күні жарыс таңғы 6:30-да басталады.
- 6:30 – 42,2 км қашықтығы мен Экиден жарысы;
- 6:40 – 21,1 км қашықтығының жарысы;
- 7:00 – 10 км қашықтығының жарысы (Speed, A, B, C, D, E, F кластерлері);
- 7:15 – 10 км қашықтығының жарысы (G, H, J, K, L кластерлері және скандинавиялық жүріс);